Үміткерлер мен олардың ата-аналарының назарына!
Құжаттарды тапсыру ережесі:
Батыр Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжіне түсуге оқуға қабылданған жылы он бес жасқа толған, бірақ 17 жастан аспаған азаматтардың құқығы бар.
Құжаттар қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 1-5 тамызы аралығы
Қабылдау кезеңдері (1-20 тамыз):
- Кәсіби және психологиялық іріктеу
- Медициналық куәландыру (Әскери-дәрігерлік сараптама ережелеріне сәйкес)
- Дене дайындығын тексеру:
- 2000 м жүгіру
- 60 м жылдамдықпен жүгіру
- Турникте тартылу
- Конкурстық іріктеу және қабылдау (аттестат ұпайлары бойынша)
Әр кезеңнен бір рет қана өтуге болады. Алдыңғы кезеңнен өтпегендер келесі кезеңге жіберілмейді.
Мамандықтар:
- «Әскери істердегі дене шынықтыру және спорт» – Дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы
- «Әскери істердегі кіші деңгейдің басшысы» – Барлау және десанттық-шабуылдау бөлімшелерін басқару
Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай
Оқыту, тамақтандыру, арнайы киімдер мен кеңсе тауарлары – мемлекет есебінен
Шәкіртақы: қарастырылмаған
Оқу шарттары:
- Казармалық жүйе – тәрбиеленушілер колледжде жатып оқиды
- Сенбі және жексенбі – қалаға шығарылу қарастырылған
Колледжді аяқтағаннан кейін:
- Әскери билет
- Орта-техникалық білім туралы диплом
- Әскери атағы “сержант”
Үшінші курсқа өткен соң тәрбиеленуші колледж бастығымен 5 жылға әскери қызмет туралы келісім-шартқа отырады.
Колледжді аяқтаған соң Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына түсуге мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, үздік бітірушілер үшін жоғары әскери оқу орнына (ЖӘОО) бірден 2-курсқа мамандық бойынша түсу мүмкіндігі қарастырылған.
Оқыту тілі: қазақ және орыс тілдерінде
Колледж тек ұл балаларға арналған. Қыздар қабылданбайды.
Мекен жайы: Алматы қаласы, Пятницкий көшесі, 100
Байланыс: +7 (727) 309-73-65, +7 (727) 309-73-53
Instagram: @askeri_sport_kolledzh
Веб-сайт: www.voen-sportkolledge.kz