Әскери-спорт колледжіне түсу бойынша ЕРЕЖЕЛЕР
Негізгі орта білім беру базасында техникалық жəне кəсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына түсуге оқуға түсетін жылы он бес жасқа толған, бірақ он жеті жастан аспаған азаматтардың құқығы бар.
Азаматтардың əскери оқу орындарына түсуі уəкілетті орган бекітетін Əскери оқу орындарына қабылдау қағидаларына сəйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Кадеттер, курсанттар құрамына қабылдауға конкурс өткізу кезінде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда:
Оқуға түсуші әскери колледждің қабылдау комиссиясына осы Қағидаларға «Әскери колледжге және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі» деген 2-қосымшаға сәйкес құжат топтамасын ұсынады немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған не ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған әскери колледжге оқуға түсуге өтінім жібереді және осы Қағидаларға «Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі» деген 2-2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес құжат топтамасын қоса тіркейді.
Әскери оқу орнының қызметкері құжат топтамасын қабылдауды, оқуға түсуші келген күні оларды тіркеуді (қызмет беруші қызметкер портал арқылы алған күні) жүзеге асырады, қызмет алушы құжат топтамасын толық ұсынбаған жағдайда не олардың қолдану мерзімі өтіп кеткен болса, құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Қабылдау комиссиясына не портал арқылы құжаттың толық топтамасын ұсынбаған оқуға түсушіге құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
Әскери колледжге оқуға түсу үшін құжаттар ТІЗБЕСІ
Медициналық құжаттар!!!
0-27/у анықтамасы (пациенттің диспансерлік есепте тұрмайтыны туралы); 0-27/у анықтамасы (амбулаториялық науқастың медициналық картасынан үзінді)«>;
— ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;
— ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі;
— ата-анасы хабарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болған деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы | «ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсу үшін кандидатқа қабылдау» |
2. | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
3. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілі | 1. Жергілікті әскери басқару органы мен әскери оқу орны. |
2. «Электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) | ||
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | күнтізбелік 200 күннен аспайды (1 қаңтар – 20 шілде) |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде |
6. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі | Көрсетілетін қызметті алушыны ҚР ҚМ әскери оқу орнына оқуға түсуге кандидат ретінде қабылдау туралы хабардар ету не осы Тізбенің 9-бөлімінде көзделген жағдайда және негіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
7. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндірілетін төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда өндіріп алу тәсілі | Тегін |
8. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі | 1. Көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күнін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. |
2. Порталда – жөндеу жұмысын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күні өтініш жасаған кезде баянатты қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) | ||
9. | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі | 1. Портал арқылы өтініш жасаған кезде: |
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті толтыру; | ||
2) соңғы қызмет (жұмыс немесе оқу) орнынан мінездеменің электрондық көшірмесі; | ||
3) әскери оқу орнына оқуға түсетін азаматтың 075/у-нысаны және әскери оқу орнына келгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесі (жалпы қан талдауы, мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция), жалпы зәр талдауы; мұрынның қосалқы қуысының рентгенографиясы, он екі бөліктегі электрокардиография тыныштықта (жүктемеден кейін – көрсеткіш бойынша), кеуде қуысы органын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне 3 (үш) айдан кеш емес жүргізіледі, бруцеллезге қан талдауы (мал шаруашылығында жұмыс істейтін және (немесе) жеке шаруашылықта малы бар), амбулаториялық пациенттің медициналық картасы, профилактикалық екпе картасы. | ||
Азамат психоневрологиялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы және тері-венерологиялық бейіндегі медициналық ұйымда есепте тұрған, сондай-ақ соңғы он екі ай ішінде созылмалы ауыруы бойынша және инфекциялық және паразитарлық ауыруға шалдығуы бойынша диспансерлік есепте тұрған жағдайда ӘОО-ға оқуға түсуге жарамсыз деп саналады. | ||
Авиациялық персоналды даярлайтын әскери оқу орнының ұшу мамандығына оқуға түсетін кандидаттар медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесін қосымша ұсынады: | ||
физикалық жүктемеден кейінгі 12 (он екі) бөліктегі электрокардиография; | ||
қалқанша безінің, жүректің, несеп-жыныс жүйесінің ультрадыбыстық зерттеуі; | ||
қант деңгейіне және В және С гепатитінің маркерін зерттеу; | ||
дыбыстық аудиометрия; | ||
электроэнцефалография. | ||
4) сауалнама және өмірбаян (ҚР ҰҚО туралы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын арнайы тексеруден өту үшін электрондық түрде толтырылады); | ||
5) ата-ана құқығының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасы хабарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына байланысты жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) қосымша ұсынады (конкурстық іріктеуден өткен әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда): | ||
ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік; | ||
ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі; | ||
ата-анасы хабарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болған деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі; | ||
6)әскери қызмет міндеттерін орындау кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң балалары тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органынан анықтама (конкурстық iрiктеуден өткен әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда) ұсынады; | ||
7) спорттық разрядты, республикалық не халықаралық жарыста, ағымдағы жылы орындаушылар байқауында, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ Президенттік не республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда) қол жеткізген жүлделі орынды растайтын құжат (болса); | ||
Жеке басын растайтын құжаттар туралы мәліметтер, әскери оқу орнына түсетін азаматтың 075/у-нысаны (ДСМ АЖ базасында болған жағдайда, болмаған кезде электрондық көшірме қоса беріледі), білімі туралы құжаттар, ҰБТ-ны тапсыру нәтижесі (әскери институтқа оқуға түсетіндер үшін), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша адам қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны не жасамағаны туралы анықтама (өзіне және жақын туыстарына) (арнайы тексеруден өту үшін), әскери қызмет өткеру туралы мәліметтер, ал негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледж үшін қосымша кәмелетке толмағандар ісі бойынша бөлімшеден ішкі істер органында есепте тұрмағаны туралы мәліметтер, арнайы тексеруден өткені туралы анықтама, әскери билет көшірмесі (болса), соттылығының болмауы туралы анықтама (өзіне және жақын туыстарына), ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік, ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі, ата-анасы хабарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі және графикалық файл түрінде өлшемі 30×40 миллиметр цифрлық фотосурет, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. | ||
2. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы өтініш жасаған жағдайда: | ||
1) еркін нысанда жазылған оқуға түсетін адамның тегі, аты мен әкесінің аты (болса), туған күні, тұрғылықты мекенжайы, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің байланыс деректері көрсетілген қабылдау туралы өтініш немесе баянат; | ||
2) көрсетілетін қызметті алушы жеке басын растайтын құжат, оқуға түсуші он алты жасқа толмаса, туу туралы куәлік көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) беріледі; | ||
3) әскери билет көшірмесі (тек әскери қызметшілер, оның ішінде запастағы, түпнұсқа); | ||
4) білімі туралы құжаттар, ал негізгі орта білім базасындағы Әскери колледж үшін негізгі орта білімі туралы куәлік (түпнұсқа және көшірме); | ||
5) ҰБТ сертификаты (Әскери колледжге оқуға түсетін және конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда), ҰБТ-ның 5 пәні бойынша нәтиже – кемінде 50 балл (оның ішінде бір бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл және қалған әрбір пән бойынша – кемінде 3 балл). | ||
6) Әскери оқу орнына оқуға түсетін азаматтың 075/у-нысаны және әскери оқу орнына келгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесі (жалпы қан талдауы, мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция), жалпы зәр талдауы; мұрынның қосалқы қуысының рентгенографиясы, он екі бөліктегі электрокардиография тыныштықта (жүктемеден кейін – көрсеткіш бойынша), кеуде қуысы органын флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне 3 (үш) айдан кеш емес жүргізіледі, бруцеллезге қан талдауы (мал шаруашылығында жұмыс істейтін және (немесе) жеке шаруашылықта малы бар), амбулаториялық пациенттің медициналық картасы, профилактикалық екпе картасы. | ||
Авиациялық персоналды даярлайтын әскери оқу орнының ұшу мамандығына оқуға түсетін кандидаттар медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеу нәтижесін қосымша ұсынады: | ||
физикалық жүктемеден кейінгі 12 (он екі) бөліктегі электрокардиография; | ||
қалқанша безінің, жүрегінің, несеп-жыныс жүйесінің ультрадыбыстық зерттеуі; | ||
қандағы қант деңгейін және В және С гепатитінің маркерін зерттеу; | ||
дыбыстық аудиометрия; | ||
электроэнцефалография. | ||
7) соттылығының болмауы туралы анықтама, ал негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледж үшін кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімшеден ішкі істер органында есепте тұрмауы туралы қосымша анықтама; | ||
8) спорттық разрядты, республикалық не халықаралық жарыста, ағымдағы жылы орындаушылар байқауында, ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадада, сондай-ақ Президенттік не республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада (конкурстық іріктеуден өткен мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда) қол жеткізген жүлделі орынды растайтын құжат (болса); | ||
9) өлшемі 3х4 фотосурет – 4 дана; | ||
10) ата-ана құқығының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-анасы хабарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына байланысты жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған басқа да жағдайда ата-анасының қамқорлығынсыз қалу фактісін растайтын мынадай құжаттардың біреуінің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа) қосымша ұсынады (конкурстық іріктеуден өткен әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда): | ||
ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік; | ||
ата-анасының ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру туралы сот шешімі; | ||
ата-анасы хабарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болған деп тану немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі; | ||
11) әскери қызмет міндеттерін орындау кезiнде қаза тапқан немесе мүгедек болған, қызмет өткеру уақытында хабарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң балалары тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органынан анықтама (конкурстық iрiктеуден өткен әскери қызмет өткерген адамдарды қоспағанда) ұсынады; | ||
12) арнайы тексеруден өткені туралы анықтама (негізгі орта білім базасындағы Әскери колледжге оқуға түсетін адамдарды қоспағанда); | ||
13) мерзімді әскери қызмет өткерген адамдар қабылдау комиссиясына қосымша: | ||
әскери қызмет өткергені туралы анықтама; | ||
ұсыным (конкурстық іріктеуден өткені туралы комиссия қорытындысын) береді. | ||
10. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту үшін негіз | 1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау. |
2. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы. | ||
3. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы бұйрықпен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі. | ||
4. Уәкілетті мемлекеттік органның арнайы тексеруден «өтпегені» туралы теріс жауапбы | ||
11. | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшелігін ескеріп, өзге де талаптар | Мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызмет берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. | ||
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылған телефон арқылы алуға болады. |
Негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледжге оқуға түсуші қабылдау жылын қоса алғанда, 1 – 5 тамыз кезеңінде негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледжге заңды өкілдерімен келеді және қабылдау туралы өтініш береді.
Мынадай талаптарға сәйкес келмейтін:
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған;
2) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтіретін ауруы бар;
3) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
6) тізбесін уәкілетті органның басшысы бекітетін лауазымдар үшін психофизиологиялық немесе полиграфологиялық зерттеуден не медициналық куәландырудан өтпеген;
7) қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған немесе ҚР ҚПК-ның 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
8) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі туралы не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) туралы немесе жұбайы (зайыбы) және оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;
9) уәкілетті органның басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған;
10) қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған;
11) өзіне қатысты қылмыстық топ құрамындағы қылмыс туралы қылмыстық істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін ҚР ҚПК-ның 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан оқуға түсушіге С. Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжге қабылдаудан бас тартылады.
Азаматтар мен әскери қызметшілерді әскери колледждерге қабылдау 1 – 20 тамызда мынадай кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:
І кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;
ІІ кезең – Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына сәйкес түпкілікті медициналық куәландыру;
ІІІ кезең – дене шынықтыру дайындығын тексеру;
ІV кезең – конкурстық іріктеу және оқуға қабылдау.
Оқуға түсушілерге әрбір қабылдау кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.
Оқуға түсушілерді кәсіби-психологиялық іріктеу ынталандыру, күйзеліске төзімділік, сыни тұрғыдан және логикалық ойлау деңгейін тексеруді қамтиды және оны қабылдау комиссиялары құрылымдық бөлімшемен келісу бойынша әскери колледждердің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімдерімен бірлесіп жүргізеді. Кәсіби-психологиялық тестілеу нәтижелері бойынша ұсынылмаған оқуға түсушілер кезеңнен өтпеген болып саналады.
Оқуға түсушілерді түпкілікті медициналық куәландыру денсаулық жағдайы бойынша әскери колледждерде оқуға жарамдылығын айқындауды қамтиды және оны Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес құрылатын медициналық комиссия жүргізеді.
Оқуға түсушілердің дене шынықтыру дайындығын тексеру мынадай дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды қамтиды:
негізгі білім беру базасындағы Әскери колледжге – осы Қағидаларға «Мектепке және негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледжге оқуға түсу үшін дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер» деген 2-1-қосымшаға сәйкес норматив бойынша.
Негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледжге оқуға түсу үшін дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер
Белтемірге тартылу | 60 метрге жүгіру | 2000 метрге жүгіру | Балл |
10 | 8.4 | 9.20 | 60 |
8.6 | 9.30 | 55 | |
9 | 8.8 | 9.40 | 50 |
9.0 | 9.50 | 45 | |
8 | 9.2 | 10.00 | 40 |
9.4 | 10.15 | 35 | |
9.6 | 10.30 | 30 | |
9.8 | 10.45 | 25 | |
7 | 10.0 | 11.00 | 20 |
Барлық жаттығу үшін балдар жиынтығы бойынша 60 балдан төмен жинаған және екі норматив бойынша ең төмен балл жинамаған азаматтық жастар қатарынан оқуға түсуші кезеңнен өтпеген болып саналады.
Конкурстық іріктеуді қабылдау комиссиялары қабылдау жылының 20 тамызында жүргізеді және оқуға түсушілердің ең жоғарыдан ең төменгіге дейін балдар рейтингісін жасауды қамтиды. Рейтинг осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери колледждер қабылдау комиссияларының хаттамаларымен (бұдан әрі – Хаттама) ресімделеді.
Әскери колледждерге рейтингіде бірінші нөмірден бастап қабылдау жоспары бойынша бөлінген орындар санына сәйкес келетін нөмірге дейін тұрған оқуға түсушілер қабылданады. Қабылдау жоспарын жалпы саннан 10 %-ке дейін асыруға жол беріледі.
Қабылдау комиссияларының шешімдері қабылдау жылының 21 тамызында сағат 10.00-ге дейін жарияланады және интернет ресурста орналастырылады және 23 тамызда әскери колледждер бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі. Апелляцияға өтініштер 22 тамызда сағат 11.00-ге дейін қабылданады.
Негізгі білім беру базасындағы Әскери колледжде оқитын адам оқудың үшінші курсына ауысқан кезде негізгі білім беру базасындағы Әскери колледждің бастығымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды.
Негізгі орта білім беру базасындағы Әскери колледжге оқуға қабылданған оқуға түсуші оқу үшін қабылдау жылының 29 тамызына дейін келеді.